![6 жасар Аянат «Әлем ханшайымы» атанды](/article_photo/1499662646_article_b.jpeg)
Болгар елінде өткен «Prince&princess of the world - 2017» байқауында да алдына қара салмаған Аянат «Кішкентай Әлем ханшайымы» атанды.
Әлемнің 20 елінен 55 ару қатысқан сайыста Аянат 3 түрлі өнер көрсетіп, шетелдік сарапшыларды таң қалдырған. Ақтаулық бүлдіршін қазақтың ұлттық киімдерімен дефиле көрсетіп, ән шырқап, би билеген. Қазылардың сұрақтарына қазақ, орыс және ағылшын тілінде, ішанара болгар тілінде жауап берген қаршадай қазақ қызының талантына көпшілік таң қалумен болыпты. Биыл алтыншы рет өткізілген халықаралық байқауға оны жетекшісі Диляра Турина 1 ай дайындапты, Аянат - бір аптаға созылған байқауға елімізден қатысқан жалғыз үміткер болғандықтан, оған артылған сенім де жоғары болған. Биыл мектеп табалдырығын аттайтын Аянат жүзден жүйрік шығып, ел мерейін асырып қайтты.
Гүлайым Шынтемірқызы,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы